Елде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандардың жазасы күшейтілмек

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1733

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандардың жазасы күшейтілетінін айтып, уәде берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Министрдің айтуынша, бұл мәселені бас прокуратура қолдапты.

«Қызмет көрсету кезінде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны және денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапкершілік шараларын күшейту жөніндегі нормаларға келетін болсақ, оларды бүгінде бас прокуратура қолдады. Тиісті нормалар бүгін мемлекеттік келісімде қаралуда», - деді Әлназарова Мәжілістегі брифингте.

Шенеуніктің айтуынша, биыл жаңа нормалар қабылданады екен.

«Келеңсіз жкғдайларға сәйкес, осы жылдың ішінде біз қылмыстық кодекске тиісті бап енгіземіз деп ойлаймын. Енді қызмет көрсету кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты қандай да бір іс - әрекет жасаған азаматтар заң алдында жауап береді», - деп толықтырды министр.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...