Қазақстанда долларға сұраныс азайды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2371

Бүгін, 27 қаңтар күні Ұлттық банк шетел валютасын сатып алу және сату бойынша есебін жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2024 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша айырбастау пункттерінде долларға сұраныс 22,8% - ға төмендеген. Сату көлемі 175,9 млрд теңгені құрады.

Астанадағы валюта айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағасы – 517 теңге, сату құны – 521 теңге. Ал еуроны сатып алудың орташа құны – 540 теңге, сату бағасы – 546 теңге. Ресей рублінің бағасы 5,18-5,25 теңге аралығында.

Алматыда долларды сатып алудың бүгінгі орташа бағамы – 517,9 теңге, сату бағасы – 520,5 теңге. Ал еуроны сатып алу құны – 541 теңге, сату бағасы – 545,5 теңге. Рубльді сатып алудың орташа бағамы 5,15 теңге, сату – 5,27 теңге.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда Президент архиві қайта ұйымдастырылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қарашада тиісті...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының тұрғыны дүкеннен сатып алған гранат шырынының ішінен кіші дәретке ұқсас сұйықтық ан...