Қазақ тілінде ән шырқап жүрген қытый қызы көпшілікті тамсандырды

Фото: eunjoojoojoo

МУЗЫКА
391

Қазақша ән шырқап, қазақ мәдениетіне қызығатын қытайлық ару көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленді, деп хабарлайды madeniportal.kz.   

Кейінгі уақытта қазақша ән шырқап, қазақ тілінде сөйлеп видео түсіріп жүрген өзге ұлт өкілін жиі байқаймыз. Солардың бірі - Юн Джу (Eun Joo). Қытайлық ару Мақпал Жүнісованың «Бәрінен де сен сұлу» әнін орындап, видеосын желіге жүктеген. 1 миллионнан астам қаралым жинаған бейнероликке желі қолданушылары түрлі пікірлер білдіруде. 

Сонымен қатар, Юн Джу өзінің «Армандастар» композициясын орындаған видеосын да желіге жүктеген. Айта кету керек, қыздың ән шырқау барысында акценті аса байқалмайды. Желі қолданушылары сан түрлі пікірден бөлек, “Қытайда туған этникалық қазақ” деген секілді қызықты ақпараттар да анықтаған. 

Шанхайлық ару қазақ мәдениетіне 2021 жылы қызығушылық таныта бастаған. Instagram парақшасында ұлттық киіммен түскен суреттерін жариялайды. Сондай-ақ, қазақша ән шырқап жүрген қытайлық ару қазір Қазақстанда жүр. 

Қазақстан мен еліміздің мәдениеті қызығушық танытқан ару өзінің қазақшасы үшін сынға алмауын сұрағанда Желі қолданушылары керісінше қолдайтындарын, өздерінің төл мәдениетін басқа елдердің тұрғындары арасында таратуға қуанышты екенін атап өтті.

«Шынымен қазаққа қатты ұқсайды», «Қазақ тілі жарасады», «Менің ойымша, ол қазір Астанада тұрады», «Бірақ оның ұлты маңызды емес сияқты, қазір ол тіл үйреніп жатыр, бұл керемет», «Сәттілік саған!» – деген пікірлер бейнероликтердің астында жиі кездеседі.

Әрине бұл видеолардан https://t.me/madeniportal/2204 кемшілік тауып, теріс пікір қалдырушылар да жоқ емес. Дегенмен, өз қалауымен қазақ тілін үйреніп, мәдениетімізге қызыққан аруға қолдау білдіріп, мәдениетімізді таныстыру артық болмайды.

Оқиға

Күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан әйел 86 «Шымкент-А...

Шоу-бизнес

Мәдина Сәдуақасова сұхбат беріп, өз өміріндегі өкінішті сәттерін айтты, деп хабарлады madeniportal.k...