Елордада Тәуелсіздік күніне арналған қандай шаралар өтеді?

Жаңалықтар
1339

Елорда тұрғындары мен қонақтарына ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік бағдарлама әзірленді. Астаналықтар концерттік бағдарламалар, тегін экскурсиялар мен театр қойылымдарын тамашалай алады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

11 ЖЕЛТОҚСАН

Еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күнін тойлау 11 желтоқсан күні сағат 19.00-де Тәуелсіздік сарайында өтетін «Менің Отаным – Қазақстан!» концерттік бағдарламасынан басталады.

Дәл сол күні елорда тұрғындары мен қонақтары Тұңғыш Президент - Елбасы музейіне де экскурсия жасау мүмкіндігіне ие.

Сондай-ақ, 11 желтоқсан күні аз қамтылған отбасылардан шыққан 50 балаға қаланың сауда орталықтары Тәуелсіздік күні қарсаңында сыйлықтар табыс етеді.


12 ЖЕЛТОҚСАН

Ал 12 желтоқсанда өнерсүйер қауым сағат 19.00-де «Nomad City Hall» театрында өтетін ҚР Тәуелсіздік күніне арналған поэзия кешіне қатыса алады. Поэзия кеші еліміздің майталман тұлғалары С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровті еске алуға арналған.


13 ЖЕЛТОҚСАН

13 желтоқсан күні «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында сағат 15.00-де қаланың меценаттары балақайларға арналған инватакси мен 30-дан аса сыйлықты салтанатты түрде табыстайды.

Ал кешкісін, 19.00-де «Жастар» сарайында Б.Жандарбековтің «Томирис – сақ патшайымы» спектаклі қойылатын болады.


14 ЖЕЛТОҚСАН

14 желтоқсан күні Әскери патриоттық орталық елорданың барша тұрғындарын экскурсияға қатысуға шақырады.

Ал кешкі сағат 19.00-де елордалықтар «Астана» концерт залында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концертті тамашалай алады.

Сондай-ақ, сол күні кешкі сағат 18.30-да «Барыс Арена» мұз айдынында «Денистің достары» мұзды шоуы өз көрермендеріне тамаша қойылым дайындады.

Қуыршақ театрының көрермендері болса 14-15 желтоқсан күндері сағат 12.00, 14.00, 16.00-де «Атамекен» спектаклін көре алады.


15 ЖЕЛТОҚСАН

Махаббат лирикасын сүйетін қауымды 15 желтоқсан сағат 19.00-де «Жастар» театрының шығармашылық тобы Ғ.Мүсіреповтің «Жібек» мюзиклында асыға күтеді.

Сонымен қатар, сол күні сағат 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрында «Абылай ханның арманы» спектаклі көрерменге жол тартады.

Елордалық балақайлар 15 желтоқсан күні «Қазақстан» ОКЗ өтетін балаларға арналған жаңажылдық TIME шоуына қатыса алады.

Нұр-Сұлтан қаласына алғаш келген қонақтарға да жағымды хабар бар. 15, 16 желтоқсан күндері 25 адамға екі қабатты қызыл автобуспен қаланың көрікті жерлері бойынша экскурсия жүргізіледі.


16 ЖЕЛТОҚСАН

Ал 16 желтоқсан күні «Қазақстан» спорт сарайында жетім балалар мен аз қамтылған отбасының балалары үшін тегін мұзда жаппай сырғанау ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, 16 желтоқсан күні 100 адамға, 17 желтоқсанда 100 адамға Есіл өзенінде конькимен, квадроциклмен, "банан"-мен, баллонмен сырғанау ұйымдастыралатын болады.


17 ЖЕЛТОҚСАН

Сондай-ақ, 17-30 желтоқсан аралығында сағат 10.00, 12.00,14.00, 16.00-де Қуыршақ театры А.Салаевтың «Малефисентаның мұзды жүрегі» спектакліне елорда тұрғындарын асыға күтеді.



Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...