Гутенбергке дейін... Гутенбергтен кейін...

Әлібек Байболдың Instagram парақшасынан

РУХАНИЯТ
377

Иоганн Гутенберг туралы алғаш рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті кезінде естігем, 1-ші курста-ау, шамасы. Сол кезде-ақ«бұл неткен данышпан, неткен новатор...» деп ойлағаным да жасырын емес. Адамзаттың өркендеп-өсуіне өз үлесін қосқан кісінің қай-қайсысы болсын осал емес, қайта еңбек, қажыр-қайрат, ерік, қиял, жігер, ілім-білімді серік етіп, сергектігімен, ізденімпаздығымен жұртты таң-тамаша қалдырғаны, артынан аңыз ергені таңды-таңға ұрып айтар әсерліәңгіме арқауы. Кейіндері ол хақында біраз кітап ақтардық, оқыдық. Сөйтіп жүргенде,міне, «сабақты ине сәтімен» дегендей,танымдық мақала жазудың реті келді.

Баспа ісі, кітап шығарудың, сондай-ақ ақпар таратудың ең әуелгі қарабайыр формасы, бұған түрткі болған фактор тау-тас-үңгірдегі (петроглиф), қыш-сазбалшықтағы (клинопись), қайыңның қабығындағы, жан-жануар, аңдардыңтерісіндегі (пергамент), папирустағы,балауыздағы, т.б. жазулар. Оған дейін мұндай феномен болған жоқ деуден аулақпыз, әлбетте. Керісінше, тұңғыш кәсіби баспаның тұма-бастауында – Иоганн абыз Гутенберг тұрды.Сәлден кейін бұл тақырыпқа қайта ораламыз.Тарихқа бір көз жүгіртсек... Өздеріңіз білетіндей, бізге дейін Шумер-Аккад (Месопотамия. Нибиру туралы алғаш рет айтқан да солар еді), Ежелгі Мысыр (Ніл сағасындағы өркениет), Элам, Ассирия, Ежелгі Қытай (Янцзы мен Хуанхе бойындағы өркениет: Яншао, Шан-Инь), Норте-Чико (Оңтүстік Америка, Христофор Колумбқа дейінгі кезең), Сумуабум әулеті іргесін қалаған,Қос өзен: Тигр мен Евфрат бойындағы Бабыл(Вавилон), атақты Нубия (Африка, «Садақшылар елі»), Мидия, Хараппа (Үндістан, Инд бойындағы өркениет), Герих Шлиман анықтаған Эгей я Крит-Микен (Эгей теңізі бойындағы өркениет, қазіргі Грекия мен Түркияның орны), Өлмек (Эпиольмек, Орталық Америка, майяларға дейінгі кезең), Хетт, Кхмер, Ежелгі Рим (латын, фалиск, авзон, энотр, сикул, сикан, самнит, сабин, экв, умбр, оск, вестин, этруск, жалпы италиктер, кейіндері Византия), Көне Хананн (Финикия), Карфаген (қазіргі Тунис), Бактрия (Гиндукуш маңындағы өркениет) мәдениеті және олардың өзіне ғана тән тілі, дәстүрі, жазуы болған. Грабар, ашхарабаржазуы, инктерге тән түрлі-түсті жіппен жазу әдісі,арамей (арим) жазуы, копт әліпби-алфавиты,демотика («жазулардың жазуы»), т.с.с. алып цивилизацияның болғанын айғақтайды. Сондай-ақ, иероглиф, пиктограммалар (идеограмма) да – адам атаулының ойлау жүйесі, космогониялық, мифологиялық, зооморфтық, антропоморфтық, архаикалық танымының қай деңгейде екендігінің көрінісі.

Адам жазуды, оқуды толыққанды меңгермей тұрғанда, өзінің сенімі, ғұрпы болғаны даусыз нәрсе. Сондай-ақ, тарих, шежіре, бүкіл ілім-білім ауыздан-ауызға тарады. Мәселенки, жырау, жыршы, сал, сері, би, шешен, назымшылар институтын, қыл аяғы ауыл айтқыштары сол міндетті, сол қызметті атқарды. Мұндағы ең ғаламат дүние – жады-тұғын. Демек, қисса-дастан, аңыз-әңгіме, әпсана, халықтың басынан кешкендері, бәрі-бәрі жады делінген сырсандықта хатталған-ды. Эпикалық ұлттың мықтылығы сонда, тарих та, шежіре де, әдебиет те, мәдениет те ауызша тарады. Нәзирагөйлік, нәзира жанрының шығуы да жоғарыдағы халықтықсипаттағы құбылысқа байланысты. Бұл хақында ф.ғ.д., профессор, этнограф-ғалым, жазушы, ұстаз Ақселеу Сейдімбек «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегінде жан-жақты баяндаған-ды. Алайда, тауарих дөңгелегі бір орында тұрмасы анық, алға жылжиды, дамиды, дүниеге жаңа техника ментехнологияның келуі – дәуір талабы.

Қытай монахтары жасаған қағаз – қып-қызыл еңбектің нақ белгісі. Өйткені, әр әріпті бедерлеу үшін бөлек-бөлек қалыпқа құйып және оның қатқанын күту керек болған. Типографиялық литера да, гарт та, цера (cera) да сондай функцияны атқарған, бұлардың атауы алуан-алуан болғанымен де, қызметі – біреу-ақ. Қалай дегенмен де, мұның бәрі уақыт жағынан тиімсіз еді. Дәл сол тұста Иоганн Гутенбергтің баспа машинасы әлем назарын аударды. Инкунабула деген ұғым бар. Бұл – латын тілінен аударғанда«қайнар» деген мағынаны білдіреді. Еуропада алғаш рет баспадан жарық көрген және 1501 жылға дейін үш жүзге тарта данамен жарияланған кітаптарды инкунабула деп атаған. Бұлардың қатарында «Гутербергтің Інжілі» де бар. Ол 1452-1455 жылдары 180 данамен (150-і қағаз, 30-ы пергамент) басылады, ал, халық оны «Biblia Latina» деп атап кетеді. Бүгінгі күнге дейін киелі кітаптың 49 данасы ғана аман жеткенімен, толық емес. Кейбірінде жекелеген томы қалса, басқаларын тек жұлым-жұлым болған бөлшектері ғана сақталған. Баспагер осы өнімді шығару үшін қарызға белшесінен батады. Оған жиырмаға тарта адам жұмылдырады. Екі томды қосқандағы бетсаны – 1282. Әр қайсысында – 2 колонка және 42 жол. Ғылыми еңбектерде «Гутенберг Інжілін»«В42» деуінің сыры – сонда. Аталмыш кітапГерманияның кітапханаларында, оқу орындарында, сонымен қатар АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Дания, Польша,Ресейде (Мәскеуде 2 данасы бар: біріншісі, Ресей мемлекеттік кітапханасында, ал екіншісі М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде) сақталған. 2012 жылы осы кітапты Сергей Ведищев деген полковник әрі университет проректоры ұрлап, 40 миллион рубльге сатпақшы болған. Алайда, ұсталып, үш жарым жылға сотталып кетеді. Жанындағылар да жазасын алады, бір жылға кесіледі.

«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деп классик жазушы, ойшыл Әбіш Кекілбай айтқандай, манағы Інжілді 1987 жылы Жапонияның бір баспа концерны Америка коллекционерінен бір томының өзін 5 миллион долларға сатып алады. Ал, 2010 жылы Оңтүстік Кореяда кітап көрмесі өтеді. Германия тарапы сол кітапты 25 миллион долларға сақтандырып қояды. Бұл – қаріпті теру, бедерлеу, бастыруарқылы жарық көрген тұңғыш дүние еді. Міне, 572 жыл өтсе де кітап ескірмеген, қайта құнды жәдігер, раритет, фолиантқа айналған-ды. 2019 жылы Гамбург қаласында ерекше уақиға орыналды. 1462 жылы Иоганн Гутенберг шәкірттері – Йоханнес Фуст пен Петер Шеффер Інжілді басыпшығарады. Ұйымдастырушылар соны сатылымғақойып, 1 миллион еуро деп бағалаған екен. Негізінен, қасиетті кітаптың нарықтағы бағасы – 25 еуро. Бүгіндері біреуді таңғалдыру өте қиын. Десек те, Гутенберг дәуірінде кітап ішіне баспаатауын, жылын, жарық көрген жерін көрсетпеген-ді. Осы үрдісті Фуст пен Шеффер бұзады, олқылықтың орнын толтырады, лигатураға да мәнбереді.

Гутенберг ксилографияға да ерекше ден қойған. Десек те, жұрт қағазға, кітапқа бой үйреткен соң қоғам сауаттанып, қараңғылықтың қара бұлты сейіле бастайды. Бір нәрсе анық, жазудың да, қағазтектес материалдың есте жоқ ескі заманда да болғаны сөзсіз. Ал, қытай шебері Цай Луньның бамбук пен жібек қосындысынан қағаз жасайтын технологиясы кейіндері ғана адамзатқа аян болды. Самарқандта тұтқынға түскен екі қытай сырын айтып, сонан соң ол арабтарға жетіп, ары қарата Византия, Испания, Италия, Франция, Германияға тарағаны айқын.Иероглифика ежелгі грек тілінен туындаған сөз. Ал, байырғы мысырлықтар өз жазуын «medu-netjer», яғни «құдай сөзі» деп атаған. Олар жазуда тылсым бар, сыр бар, хабар бар деп білген,сондай-ақ, ойшылдықтың, білімнің, Айдың тәңірісі, кітапхана, ғалым, ғылым, мемлекет пен әлемдік тәртіп қамқоршысы, бір деректерде Күн құдайы – Раның аузынан түсті делінсе, ендібірінде ашу, құмды дауыл, хаос, соғыс тәңірісі – Сет (Сетх) пен аспан патшасы – Гор (Горус) арасындағы текетірестен туған Тоттың(Техути, Туут, Теут немесе Тут) ұлы сыйы деп ұққан. Перғауын өмірден өтсе де, арғы қарайғы тіршілігін Дуатта кешеді деп сенген Ежелгі Мысыр халқы, керек-жарағымен қатар, анхты да бірге көміп отырған. Біз үшін ең тылсымы дейміз бе, сол фараондармен бірге папирустағы басты-басты құпия жазбалар да келмеске кетті.

Қағаз жасау, оны баспа ісінде қолданубарысында талшықты материалды ұнтақтайтынролл деген аппараттың да көмегі аса зор болды. Ол алғаш рет Нидерланд жерінде қолданыла бастаған еді. 3-18 метрлік ұзын ванна ішіне су толтырылады. Бұнда 2 канал бар. Біріншісінде, басына пышақ бекітілген барабан айналып,үгітіндіні екінші каналға қарай бұрады, ал осындағы таза сумен артық заттар шайылып, қағаз әзірлеуге қажетті материал ғана қалады.Революциялық технология ма, тың идея ма? Әрине!.. Сонан соң француз сардары, ғалым, инженер-механик Николя Луи Робер 1799 жылы«үздіксіз қағаз» машинасын ойлап табады. Британ кәсіпкерлері, ағайынды Сили мен Генри Фурдринье әлгі патентке қызығып, оған қаржы бөлуге келіседі. Араға бірнеше жыл салып баспа саласы тағы бір даму сатысына көтеріледі. 1806 жылы «Фурдринье машинасы» аталып кеткен құрылғы Англия тұрмақ, бүкіл Еуропаға атақты боп шыға келеді. Осының бәріне ықпал еткенжәне жол ашқан әйгілі типограф, ғалым Иоганн Гутенберг еді ғой. Бірақ, ол қатты қиналады, өйткені, оған дейін бұндай сипаттағы дүниені ешкім жасамаған-ды. Тигель, бұрандалы пресс, шпиндель, ашылып-жабылатын қақпақтардықұрастырып, рет-ретімен қойып, оны іске қосу даайтарлықтай уақытты алғаны анық. 2000 жылы өзінің жері – Майнц шаһарында Гутенберг мұражайы күрделі жөндеуден өтіп, қайта ашылса, 2001 жылы «Гутенберг Інжілі» UNESCO-ныңмәдени мұралар реестр-тізіміне енді.

МайнцРейн бойындағы жанға жайлы, шағындау, екі мың жылдық тарихы бар көне қала, Рейнланд-Пфальцтың әкімшілік орталығы. Майнц шіркеуі, Теодор Хойс көпірі, Вальдтхаузен қамалы, Ғайса шіркеуі, Мемлекеттік мұражай, т.б. нысандары бар қалада туып, сол қалада өмірден өткен Иоганн Гутенберг туралы көп дүние айтуға болар еді. Әттең, көлем көтермейді. Баспа саласының бастауында тұрған мәшһүр тұлғамен қатар бұл кенттен Юлиан Вебер, Лоренц Адлон,Боте Баку, Леопольд Ганц, Анна Зегерс, Эмма Кох, Лоренц Мюллер, Эмиль Преториус,Аннелиза фон Риббентроп, Никлас Тауэр, Макс Штруб, Фриц Эрпенбек, т.б. әйгілі кісілер шыққан. Иоганның әкесі – патриции-ақсүйек әрі көпес Фридрих Генфляйша, ал анасы – Эльза Вирих. Ол отбасында төрт баланың ішіндегі сүт кенжесі, ал қалған үшеуі: ағасы – Фриле, әпкелері – Эльза және Патце.

Иоганн 1434-1444 жылдар аралығында Струсбург қаласында тұрып, бағалы тастарды тазалау ісімен айналысады, айна жасайды, біліктілігін арттырады. 1448 жылы туған жерінеоралған соң, негізгі жұмысына, бала кезгіарманына кіріседі. Сөйтіп, жиені – Арнольд Гельтус және майнцтық манап Иоганн Фусттаннесие алып, жұмысты бастап кетеді. Алғашқышығарған баспа өнімдері бірнеше ғана беттенқұралған индульгенция, күнтізбе, Рим риторы Элий Донаттың латын грамматикасы. Өкінішкеқарай, типограф, тарлан талант әлгі Фуст дегенбайдың ақшасын қайтара алмай, 1455 жылы сот шешіміне сәйкес зат пен құрылғы толы типографияны кредитордың қолына өз еркіменөткізіп береді. Қайсар тұлға бастаған ісін жалғайтүседі, үш-төрт кітап шығарады. 1465 жылы олкурфюрст һәм архиепископ Адольф II Нассаутскийдың жанына барып, оқуғатапсырады. Гутенберг жаңалығы сонда, құймаәріпЕуропа баспа тарихындағы стандартқа сай тұңғыш тетік, ілкі механизм. Ол бояуларды да өзітаңдап, өзі дайындаған, безендіру ісіне де қатысқан. Оның тың-соны әдіс-тәсіліжылжымалы және алмастырылатын қалыптықолдану арқылы баспа жұмысын жеделдету.Иоганн Гутенберг 1468 жылы дүние салады.Алайда, адамзат үшін аянбай еңбек етіп, XV ғасырда-ақ кітап шығару бағытын дамытып, халықты оқуға, ізденуге үндегені үшін есіміешқашан ұмытылмайды, қайта уақыт өткен сайынжаңғырып отырары сөзсіз.

Әлібек БАЙБОЛ, Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі, жазушы-драматург,

әдебиеттанушы-ғалым, алаштанушы,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы

author

Әлiбек Байбол

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...