Сот алаяқтық фактісі бойынша нотариусты 4 жыл шектеуге, ал оның сыбайластарын 3 жылға және 3 жыл 9 а...
Астанада ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының ХІІІ форумы өтуде
Астанада шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының ХІІІ форумы аясында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Ресей Федерациясы президентінің форумға қатысушыларға арналған алғы сөзі оқылды.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзін оқып берді, Елбасы осы форумның Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп жатқаны маңызды екенін атап өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық бірегейлікті сақтауды, білімнің салтанат құруын, эволюциялық дамуды және сананың ашықтығын қазақстандық ұлтты дамытудың негізгі басымдықтары ретінде белгіледік. Жаһандық әлем жағдайында бұл әмбебап құндылықтар әр халыққа жақын әрі түсінікті» – делінген Елбасының құттықтауында.
Ресей Президентінің алғы сөзін президенттің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Михаил Швыдкой оқып берді.
«Астана қаласында бастау алған ТМД-ға мүше мемлекеттердің ХІІІ ғылыми-шығармашылық интеллигенциясының форумы көтеріп отырған мәселелер достастық елдеріндегі интеграциялық үдерістерді дамытуға қызмет етеді. Форум жылдар бойы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберінде өткізілетін гуманитарлық тақырыптағы маңызды шаралардың біріне айналды. Ол ғылым, мәдениет, өнер және білім саласының өкілдері, журналистер мен публицистер арасында бейресми, қызықты қарым-қатынас орнатуға үлкен мүмкіндіктер бере отырып, өзінің сұранысқа ие екендігін және барынша тиімділігін толық дәлелдеді»- деп атап өтті Путин форумның қатысушыларына.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы форумның маңыздылығын ерекше атап өтті, атап айтқанда, мәдениетаралық диалогты қалыптастыру арқылы тиімді ынтымақтастық тетіктерін қалыптастырып және жаңаларын белгілеу керектігін айтты.
Алғаш рет форум аясында «Достастық жұлдыздары» ТМД-ның басты мемлекетаралық сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті.
Мемлекетаралық сыйлығын иегерлері 7 мемлекеттің белгілі тұлғалары: азербайжандық филолог Наргиз Пашаева, беларусьтық биатлоншы Дарья Домрачева, қызғыз әдебиеттанушысы Абдылдажан Акматалиев, молдовалық физик Ион Бостон, ресейлік музыкант Юрий Башмет, армян композиторы Степан Шакарян және тәжік ақыны Низом Касим. Қазақстан тарапынан сегізінші болып, лауреат иегері атанған музыкант, педагог, қоғам қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің негізін қалаушы және ректоры, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі Айман Мұсақоджаева.
«Достастық жұлдыздары» сыйлығын 2009 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры тағайындаған. Бұл ТМД мемлекеттерінің өкілдеріне, әлемдік жетістіктер дәрежесіне сай келетін, ТМД-ға қатысушы елдердің әрқайсысының және жалпы достастықтың дамуына ықпал ететін гуманитарлық қызмет саласындағы ең маңызды жетістіктері үшін жыл сайын тағайындалады.
Аталмыш форум үшінші рет Астананың төрінде өтіп жатқаны Елордамыздың бейбітшілік және келісім орталығына айналғанын дәлелдейді деп атап өтты форумға қатысушы ТМД мемлекеттерінің өкілдері.
Форумды ұйымдастырушылар Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры (МГЫҚ), Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақ ғылыми-зерттеу институты (ҚазҒЗМИ).