Алматы мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады. Соған сәйкес, жолақысы енді 12...
Қазақстандық дәрігер Ресейде ерлік жасады
коллаж: madeniportal.kz
Жақында Уфа әуежайында (Башқұртстан) Астана-Мәскеу рейсіндегі ұшақ жоспарланбаған күйде қонды, деп хабарлады madeniportal.kz.
Мұның себебі борттағы 85 жастағы зейнеткер жолаушының денсаулығы нашарлап, жедел түрде көмек көрсету керек болды.
Жолаушының аты Виктор Карпин, ол немересімен бірге ұшқан. Ұшақ толық биіктікке көтерілгенде зейнеткердің жағдайы нашарлап, есінен тана жаздаған. Ұшақ экипажы оперативті түрде жұмыс жасап, жолаушылардың ішінен дәрігер мамандарды іздей бастаған. Қуанышқа орай, бортта Астана қаласынан ұшып келе жатқан Қарлығаш Бакирова болған. Қарлығаш Бакирова бірден жолаушының қан қысымын өлшеп, жүрек соғысын тексерген. Зейнеткердің сол кезде қан қысымы тым төмендеп кеткенін көрсеткен. Әдетте жолаушы гипертония (қан қысымының жоғарлауы) диагнозымен есепте тұрған екен.
«Әрдайым менде осындай жағдайда көмектесе алмай қаламын деп қорқатынмын. Алайда сол күні терең тыныс алып, бірден алғашқы көмек көрсете бастадым», - Қарлығаш Бакирова.
Кейін дәрігер зейнеткердің немересіне хабарласып, мән-жайды түсіндіргенін айтты. Қазір Виктор Карпиннің жағдайы қалыпты, дәрігерлердің қарауында.
Қарлығаш Бакирова Астана қаласындағы Президенттік істерді басқару орталығының №13 емханасында жұмыс істейді.