“Блогерлер түсіріп бастады": актер Жанболат Найзабеков кино саласына бет бұруға не түрткі болғанын айтты

Видеодан кадр: "Қызық Live" бағдарламасы

Қоғам
833

Өнер қырандары" театры арқылы халыққа танылған актер Жанболат Найзабеков киноиндустрияға бет бұруға не түрткі болғанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, он жыл бойы кино түсіруді ойланып келген.

"Мамандығым – театр және кино актері. Бала күнгі арманым театр сахнасында ойнау және кино түсіру болған. Театр сахнасында ойнап жүрмін, бірақ жүрек түкпірінде кино түсірсем деген арман болды. Бұл оймен он жыл жүрдім. Өзім продюсер болып, сол киноға өзім түссем деген арман болды", - дейді актер. Найзабеков басқа продюсерлер түсірген киноға түсуден гөрі өзі киносын шығаруды мақсат еткенін, соған жетуге әрекет жасағанын айтты. "Айналама қарадым. Блогерлер, әншілер кино түсіріп бастады. Олардың кино түсіргені маған мотивация болды, біржағы нан. Олар жасағанды неге Жанболат жасай алмайды деген ой келді", - деді Динара Сәтжанға берген сұқбатында актер.

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...