Шри-Ланкадағы терракт: қаза болғандардың саны 160 адамға жетті

Жаңалықтар
202

Шри-Ланкада бірнеше шіркеу мен қонақ үйде болған жарылыстан қаза болғандардың саны 160 адамға жетті деп хабарлайды "Мәдениет порталы" RT сайтына сілтеме жасай отырып.



БАҚ-тың мәліметінше, Коломбо қонақ үйінде 40 адам қайтыс болып, 295-і жарақат алған. Негомбо қаласындағы шіркеуде 93 адам көз жұмса, Баттикалоа шаһарындағы шіркеуде 27 адам қаза тауып, 73 адам жарақат алған.

Еске сала кетейік, бүгін Шри-Ланкада Пасха мерекесін тойлап жатқанда алты жерде жарылыс болған. Жалпы 6 жарылыс болған. Лаңкестер ел астанасы Коломбо қаласындағы бір католик шіркеуі мен үш қонақ үйді және Негомбо шаһарындағы екі шіркеуді нысанаға алған. Әзірге терактіні кімдер ұйымдастырғаны белгісіз. Дәрігерлер жергілікті ауруханаларға жараланғандар әлі жеткізіліп жатқанын айтады.

Теракт жасалған аудандар қоршалып, лаңкестер іздестіріліп жатыр.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...