Астана халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Азаматтық авиация комитеті

Жаңалықтар
133

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы болып Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды, деп хабарлайды madeniportal.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы болып ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдер тағайындалды. Ерғазы Жолдасов бұрын атқарған қызметінен босатылды.

Юсуф Альджавдердің авиация саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Түрлі лауазымдарда, соның ішінде "Emirates", "British Airways" әуе компанияларында, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылдың қараша айында Астана қаласының әуежайы "Terminals Holding" (БАӘ) компаниясының сенімгерлік басқаруына берілді.
2024 жылғы 1 мамырдан бастап Инвестор жеке инвестициялар есебінен 20 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге кірісуді жоспарлап отыр.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...