Менің замандастарым. Дәл осындай атаумен танымал қылқалам шебері Аманқос Ақанаев көрме өткізді. ...
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
Ұлттық кітапхана: республика кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығы; Қазақстан баспа басылымдарының міндетті данасының депозитарийі; ҚР Білім және ғылым министрлігі Бақылау комитетінің барлық ғылым салалары негізінде Қазақстанда қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың депозитарийі; ТМД елдері авторефераттарының депозитарийі; 1993 жылдан бері ЮНЕСКО-ның ғылыми диссертацияларының және басылымдарының депозитарийі; 2005 жылдан «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылған әдебиеттердің депозитарийі; 2012 жылдан Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы басылымдарының депозитарийі.
Кітапхананың алғашқы директоры – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосов. Ол кітапхана қызметінің негізгі міндеті ретінде «Қазақстан туралы және қазақ тіліндегі барлық баспа басылымдарын жинақтау» туралы мәселе көтерді. Кітапхана осы кезден бастап бүгінгі күнге дейін қазақ халқының және Қазақстанның басқа халықтарының жазба мәдениетін жинақтап, сақтаушы мемлекеттік ұлттық кітап қоймасы қызметін атқарып келеді.
Кітап қоры 6,6 млн. астам сақтау бірлігінен тұрады. Оқырмандардың жыл сайынғы келім саны - 1 млн. астам, кітап берілімі - 2 млн. данаға жуық. Оларға 1,5 мың орындық арнайы 14 оқу залы қызмет көрсетеді.
Кітапхана сайты www.nlrk.kz кітапханадағы электрондық каталогтарға және ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мақсатымен ұйымдастырылған бірыңғай ақпараттық жүйе болып табылады. Веб-сайтқа жыл сайынғы виртуальды келушілер саны - 1,6 млн. астам.
ҚР Ұлттық кітапханасы Кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелердің халықаралық федерациясына (IFLA, 1992), Ұлттық кітапханалар директорларының конференциясына (CDNL, 1992) және «Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы» коммерциялық емес серіктестігіне (БАЕ, 1993) мүше. 2002 жылдан ЮНЕСКО-ның «Әлемдік мұра» бағдарламасы бойынша Қазақстандық ұлттық комитетін басқарады, 2008 жылдан - IFLA/РАС (Сақтау және консервация) негізгі бағдарламасының аймақтық орталығы болып табылады.
Кітапхананың стратегиялық басымдықтары:
• кітап қорын толықтыру және олардың сақталымын қамтамасыз ету;
• сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
• жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту;
• республикалық және халықаралық кітапханалық-ақпараттық жобаларды іске асыру.
Кітапхана ғимараты 1970 жылы арнайы жобамен салынған. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы №279 қаулысымен бекітілген Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің Мемлекеттік тізіміне енгізілген.