«Алдап кетті»: Тілшілерге сұхбат берген Назым Қызайбай жылап қалды

видеодан алынған скрин

Спорт
375

Париж Олимпиадасының жартылай финалында қытайлық У Юге есе жіберген Назым Қызайбай тілшілер алдында пікір білдірді, деп хабарлады madeniportal.kz.

“Әйелдер боксынан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атану арманым болды. Дзюдошы қыздармен Парижде жолыққанда да соны бір бірімізге тіледік. Қазір өзіме аса көңілім толып тұрған жоқ. Өйткені алтын алғым келді және жеңуге болатын қарсылас еді. Алайда қытай қызы жекпе жек барысында алдап кетті. Оған қоса менде “қолаға жеттің, енді алтын алу керек” деген жүктеме тұрғандай болды. Сол кедергі келтіргендей. Жеңсем де, жеңілсем де қасымнан табылатын отбасыма, достарыма рахмет айтамын! Жеңісімді маған қолдау көрсеткен көпшілікке арнаймын!”, - деді боксшы.

 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...