Қазақ сахнасындағы кәсіби би өнерінің негізін қалаушы Шара Жиенқұлованың өмір тарихы - өнер адамының...
"Бұл есімдер далада бірге ойнап жүрген балалардың есімі болатын" - ағайынды Оралбайдың есімін әпкесі қойған
Фото: oralbay_nurbek парақшасынан
Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында бақ сынаған боксшылар Нұрбек пен Айбек Оралбайдың есімін әпкесі қойған болып шықты. Бұл туралы Мөлдір Оралбай ҚазАқпарат агенттігіне берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz kaz.nur.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Күні кеше Нұрбек Оралбайдың шаңырағына боксшының туған-туыстары жиналған. Олардың арасында Нұрбек пен Айбектің есімін қойған Мөлдір Оралбай да болған. Ол – Париж төріндегі Олимпиадада бақ сынаған егіздердің есімін қойған әпкесі.
"Мен Нұрбек пен Айбектің әкесі Рахат Оралбайдың ағасының қызымын. Ата-әженің алғашқы немересі болғандықтан ерке болып өстім. Қатты ерке болғаным соншалық, 2000 жылы бауырларым дүниеге келгенде есімін қою бақыты маған бұйырды. Ол кезде небары 6 жаста едім. Бұл есімдер далада бірге ойнап жүрген балалардың есімі болатын", -деді Мөлдір.
Айта кетейік, күні кеше Нұрбек Оралбай Украина өкілі Олександр Хижнякқа есе жіберіп, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ал Айбек Оралбай 1/4 финалда әзербайжандық Лорен Альфонсо Домингестен айласын асыра алмай, жарыс жолын тоқтатты.