Түркияда қазақстандықтар отырған автобус жантүршігерлік жол апатына түсті

Фото: muglagazetesi.com

Жаңалықтар
237

Түркияда қазақстандықтар отырған автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Микроавтобустың ішінде ресейлік және қазақстандық туристер отырған. Оқиға Милас қаласындағы Мугла ауданында болған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 13 турист жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. 

Жол апаты туралы ақпарат таңғы 07.00 шамасында түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция мен өртсөндірушілер бригадасы келген. 

Қазіргі таңда полиция бұл дерекке қатысты тергеу жүргізуді бастады. 

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...