Бүгін Динис Никиша Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем Кубогы кезеңінде күміс...
Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкерінің кенеттен жүрегі тоқтап қалған
Өзбекстан Олимпиада комитеті
Ұлыбритания бокс федерациясының хабарлауынша, 8 тамыз күні Хасанбой Дусматов жеңіп алған алтын медальді тойлау кезінде бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкерінің кенеттен жүрегі тоқтап қалған. Дәрігер Хардж Сингх пен физиотерапевт Робби Лилис бірінші болып көмекке асығады. Олар дефибриллятордың көмегімен Тулкин Қиличевтің есін жиды.
"Жаттықтырушылар тобы дайындық алаңына оралып, барлығы жеңісті тойлап жатты. Біраз уақыттан кейін бұл аймақтан қуаныштың шуына ұқсамайтын айқайлар шыға бастады. Сөйтсек олар дәрігердің көмегін сұраған екен. Хардж бірінші болып көмек қолын созды. Мен арнайы сөмкемді алып, оның артынан жүгірдім", - деді Робби Лилис.
Робби оқиға орнына 30 секундтан кейін жеткенде әріптесі жаттықтырушыға жасанды тыныс жасап жатыр екен. Кейін ол дефибрилляторды қолдана бастады.
"Алғашында ол мүлде есін жиған жоқ. Бірақ Хардж жүрек массажын жалғастыра бергеннен кейін шамамен 20-30 секундтан кейін кенет есін жиып, көзін ашты", - деді физиотерапевт.