Қазақстанда ұстаздар шамамен 4 миллион теңге сыйақы ала алады

Weproject

Жаңалықтар
668

Білім күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 3 млн 692 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі, – деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі. 

Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

1 кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз);

2 кезең – облыстық деңгей (22 тамыз – 10 қыркүйек);

3 кезең – республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан). 

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz веб-порталында жүзеге асырылады.
«Үздік педагог» Республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау. Осы уақытқа дейін 700-ге жуық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл – балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Айта кетейік, «Үздік педагог» атағының иегерлеріне 1000 АЕК көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі. Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында бар.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...