Керексіз кәсіп - нәсіп бермес

Жаңалықтар
836


Қазіргі таңдағы басты мәселенің бірі нәтижелі жұмыспен қамту ісі алдыға шығып тұр. Осы орайда Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селосындағы №3 агро техникалық колледжі тынысына көңіл аударалық.


Ол оқу орнында ауыл шаруашылығына қатысты барлық мамандықтар бойынша дәріс берілетін көрінеді. Енді осы білім ордасынан тәлім алып шыққандардың бір де бірі жеке шаруашылық немесе кәсіп ашып кетпегені мәлім болды. Сол маңның бір азаматы өзінің екі ұлының ешқайда жұмысқа орналаса алмай жүргенін наз қып жеткізді. Бір ғажабы екеуі де орта арнаулы оқу орындарын тәмамдаған. Сөйтсек, баяғыда қарасы құрыған «Енисей», шынжыр табанды ДТ-75 тракторларын оқыпты. Бұндай техника қазіргі шаруашылықтарда атымен жоқ. Сонда қазына қаржысына керексіз білім беріп, ешкімге керегі жоқ маман дайындап жатқанымызды қалай ақтаймыз? 



Ал кəсіптік-техникалық колледжді бітірген кадрлардың 50 процентке жуығы жұмыссыздар қатарына қосылуда.


Колледжде ескі техникаларды оқып шыққандар, жаңа техниканың жай-жапсарын білмейді. Сондықтан да олар қажетсіз. Тығырықтан шығаратын төте жол «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында жатыр. Бұрын жүздеген механизатор білім алып шығатын. Қазір сонша көп көлемде механизатордың қажеті шамалы. Себебі қазіргі техника қуатты, бұрынғы бес-алты комбайнның атқарған шаруасын жалғыз шетелдік техника атқара салады. Сонымен алты механизатордың еңбегін бір ғана маман жасай алатын жағдайға жеттік. Және бір-біріне жалғасқан агротехникалық шаралар бүгінгі күні сарқылды. Қазір механизатордың керек уақыты көктемде он күн, күзде он күн. Сонан соң ол қажет емес. Егіншілік саласы уақытша жұмысқа айналды. 


Осындай жағдайдың белең алуына байланысты уақытша жұмыс үшін әлдебір мамандықты тапжылмай игеруге де құлықты емес. Нарық заңына сәйкес - сұраныс деген қатал қағидатқа қана сүйеніп, кәсіп ашып, мамандық таңдау мезгілі жетті. 

З. Самалбекұлы



Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...