«Құл қылып ұстаған»: Белгілі спортшыға айып тағылды (ВИДЕО)

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
346

Әйелдер күресінен Азия чемпионатының жүлдегері Айша Уәлиханның отбасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Спортшының күйеуі 23 жастағы Мұқан Неғматовты құлдықта ұстаған, деп хабарлады madeniportal.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жас жігіт жанайқайын STAN.KZ YouTube арнасына берген сұхбатында жеткізген.Мұқанның сөзіне қарағанда, Әлфараби есімді жігіт пен оның Айша есімді әйелі өзін алдап шақырып, үйінде құлдықта ұстаған. Ол мұндай қорлық 10 ай 17 күнге созылғанын алға тартты. Бұл аралықта ақысын бермек түгілі, ұрып-соғып, зорлық әрекеттерін де көрсеткен. Енді жәбірленушінің анасы халық пен құқық қорғау органдарынан көмек сұрайды.

«Баламды алғаш көргенде шошып кеттім. Оның құлағы жыртылған. «Неге айтпадың?» десем, «Телефон шалғанда қасымда біреуі не пышақ, не арматура ұстап тұрады. Басқа сөз айтқызбайды» деп жауап қатты.

Қорлық көрген жігіттің өзі Әлфарабимен танысқанына бірнеше жыл болғанын, тіпті бір кездері бірге пәтер жалдап тұрғанын айтты.

«Мен құлдықта болған жер – Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына қарасты Жасқайрат ауылы. 2021 жылы аялдамада таныстық, бір аптадай бірге пәтер жалдап тұрдық. Сосын олар ауылына кетті де мен Алматыға кеттім. Бірақ телефон арқылы хабарласып тұрдық. 2023 жылы әуежайда жұмыс істеп жүргенмін. Ол мені «жұмыс бар, 500-600 мың теңге төлеймін, келемін десең, жолыңа билет алып берейін» деді. Негізі Түркияға кетуге құжат жинап жүргенмін. 28 қыркүйек күні Алматыдан Астанаға келдім. Сөйтіп әрі қарай ауылға кеттік, бірақ нақты олардың ауылына баратынымызды да білген жоқпын. Шөп шабатынымызды, менің Әлфарабиге көмектесетінімді айтқан. Бір аптадай бәрі жақсы болды, бірақ жұмысқа кірісе алмадық. Мен одан жұмысты қашан бастайтынымызды сұрадым. Бір күні досымен бірге ішіп келіп: «Южан, ежик, кете алмайсың, кететін болсаң, кетуші едің» деп тиісті», - деді жас жігіт.

 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...