Египетте көптен күтілетін және сұлулық пен жылулыққа толы мерекелердің бірі - Жам Эль-Нессим (S...
"Жүрегім бос": Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай жеке өмірі туралы айтты
Нұрбек Оралбай. Фото: olympic.kz
783
Елге оралған Нұрбек Оралбайды әуежайдан қарсы алу кезінде журналистердің бірі боксшыдан жеке өмірі туралы сұрады. "Әкеңіз биыл сізді үйлендіруді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Сол жағы қалай болып жатыр?" деген сұрақ қойды журналист.
"Енді көре жатармыз. Бірақ қызым жоқ, жүрегім боc. Бұйырған күні үйленетін шығармыз", - деді боксшы.
Сондай-ақ Нұрбек Оралбай болашақ жары қандай болуы керегін айтты. "Ақылды, иманды қыз болуы керек. Боксты білуі маңызды емес", - деді Олимпиаданың күміс жүлдегері. Айта кетейік, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалында Украина спортшысы Александр Хижнякпен жұдырықтасқан еді.