Нұрлан имам сарбаздармен кездесті

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
445

2024 жылдың 23 қыркүйегінде теолог, дінтанушы, имам, қажы Нұрлан Байжігітұлы Асанов пен – «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Атырау облыстық филиалы төрағасы Абылай Құрметұлы 5546 әскери бөліміне келіп жеке құраммен кездесу өткізді, деп хабарлады madeniportal.kz basnews.kz-ке сілтеме жасап.

Шара барысында  даналығымен, туралығымен, әзілкештігімен Қазақстанға танымал болған Нұрлан имам жеке құрамға отбасы құндылығы, әскери қызметтің маңызы, батырлық, ерлік туралы тақырыптарда жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізіп, әңгімеледі.

Жеке құрамның сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңесін айтты. Шара соңында әскери бөлім жеке құрамының атынан бөлім командирі Нұрлан Байжігітұлына алғысын білдіріп, шағын естелік сыйлығын табыстады.

Жаңалықтар

Алматыда қызға дөрекілік танытып, тиіскен ер адам анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Ерпола...

Жаңалықтар

Синоптиктер Қазақстанда 19, 20, 21 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарл...