Көшеде мас күйде жүрген қазақстандық шенеуніктің видеосы таралды

Ашық дереккөзден алынған

Қоғам
373

Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Айболат Бөкенов облыстың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиевтің күндіз мас күйінде қала көшелерін кезіп жүргені туралы видео жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жазба авторы бұл оқиғаның жергілікті тұрғындар мен жұртшылық арасында дау тудырғанын жазды.

“Табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиев осылай тұр. Видеода көргендеріңіздей өз өзіне ие бола алмай қалған секілді. Қоршаған ортаны қорғайтын прокурордың өзі қоршаған ортаны бүлдіріп жүрсе айтарға сөз жоқ. Халыққа өзі үлгі болудың орнына, мынаның жасап жүрген ісі ұят қой”, – деп жазды ол. 

Сондай-ақ ол бұл мінзе-құлық оның кәсіби беделіне күмән келтіретінін айтты. 

"Бұл мінез-құлық оның кәсіби беделіне күмән келтіріп қана қоймайды, Қазақстанның заңнамасын елемейтінін көрсетеді. Прокурор бірнеше рет заңды бұзды. Бұл әрекеті оның құзыреті мен этикасына қатысты күрделі сұрақтар туғызады", – деп жазды Бөкенов. 

Ал, облыстық прокуратура Абылай Бисқалиевке қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. Оның нәтижесін халыққа жеткізуге уәде берді.

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...