Әлеуметтік желіде Бикия Макишева есімді келіншек 5 жылдан бері бұрынғы күйеуінен озбырлық көргенін ж...
«Нағыз бақыттың не екенін түсіндім»: Ерке Есмахан өміріндегі өзгерістерді айтты
Сурет ашық дереккөзден алынды
592
Танымал әнші Ерке Есмахан тұрмыс құрғаннан кейінгі өмірінің оң өзгерістері жайлы айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.
«Бір кездері мен көп жұмыс істеп, ұшып қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, назардың бәрі менде болғанына керім, күштімін - «осы менің бақытым» дейтінмін. Сөйтсем, қазір тіпті үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт - ішкі тыныштық… Шүкір! Сіздерде қалай?», - деп жазды әнші Ерке Есмахан.
Еске сала кетсек, әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қыркүйек айына жоспарланған Америкадағы концерті кейінге қалдырылғаны жайлы да айтып өткен болатын.