Ақтау әкімі заңсыз әрекеттерді тоқтатуға шақырды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2047

Ақтау әкімі Ұлықбек Тналиев суреті мен аты-жөнін пайдаланған алаяқтарды сотқа беретінін айтып, облыс тұрғындарына фейк аккаунттарға сенбеуге кеңес берді, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.

Жергілікті басылымның мәліметінше, белгісіз біреулер WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде өзін Ақтау қаласының әкімі деп таныстырып, тұрғындарды алдауға кіріскен.

"Сіздерден мұндай хабарламаларға сенбеуді және күмәнді сілтемелерге өтпеулеріңізді сұраймын. Сондай-ақ мұндай хабарламаларға жауап бермей, ештеңе жазбағандарыңыз дұрыс", - деді қала әкімі Ұлықбек Тналиев.

Әкім өзінің суреті мен аты-жөнін қолданып жүрген алаяқтарды сот арқылы қорқытып, заңсыз әрекеттерді тоқтатуға шақырды.

"Менің фотосуреттерімді, мәліметтерімді пайдалануға және менің атымнан хабарламалар жіберуге тыйым саламын, әйтпесе ар-намысты, абыройды және іскерлік беделді қорғауға өтініш беруге мәжбүр боламын", - деді Тналиев. 

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...