Президентке өтініш айтқан баланың тілегі орындалды

Фото: видео скриншот

Жаңалықтар
235

Қарағанды ​​облысы, Нұра ауданы, Шахтер ауылындағы музыкант бала Николай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтінішін айтқан еді. Бала жақында Қарағанды облысына іс-сапармен барған Президенттен су ішуге арналға кулер сұрады, деп хабарлайды madeniportal.kz inbusiness.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

"Мәдениет үйіне су ішетін кулер қойса екен", - дейді бала. 

Әлеуметтік желі қолданушылары баланың таза жүрегі мен арманына тәнті болды. 

"Алдымен су беріңдерші" деді ғой", "Жаным-ау, тәттісін-ай", "Коляның арманы орындалған шығар", "Бақытты болу үшін көп нәрсенің қажеті жоқ", "Баланың жүрегі таза ғой", "Халқын ойлап айтқаны", - деп жазған олар. 

Кейін журналист Әділ Балтабаев Николайдың арманы орындалғанын, Мәдениет үйіне кулер қойылғанын көрсетті. 

Жаңалықтар

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жатақханасынан 21 жастағы лейтенанттың м...

Қоғам

Әлеуметтік желіде танымал Мерей Әбілова тұңғышын дүниеге әкелді, деп хабарлады madeniportal.kz. Бұл...