Алқа мәжілісінде бірінші болып сөз алған Ермек Маржықпаев ел абыройын асқақтатар елеулі саланы дамыт...
Артаев бас бапкерлікке өзінің алғашқы бапкерін ұсынды
Бахтияр Артаевтың инстаграм парақшасынан
14 тамызда бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылған еді.
"Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне дәл қазіргі кезде Нұрлан Ақүрпеков лайық", - деп жазды Бақтияр Артаев Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаевтың алғашқы бапкері. Ол Артаевты 11 жасынан бастап боксқа баулып, жеке жаттықтырушысы да болды. Сондай-ақ бапкер Олжас Сәттібаев, Ғани Жайлауов, Әбілхан Аманқұл сияқты танымал боксшыларды жаттықтырған. Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан ерлер құрамасынан 7 боксшы қатысты.
Оның ішінде тек Нұрбек Оралбай финалға өтіп, күміс жүлде еншіледі.