Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген: лицей директоры мен қызметкерлері жұмыстан кетті

Көрнекі фото

Жаңалықтар
546

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, 16 тамызда Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналыс өткізіп, кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісіне уақытында кедергі келтірмеген уәкілетті тұлғаларға қатаң шаралар қабылдауды талап еткен.

Аймақ басшысы бұл атышулы қылмыстан жарты жылға жуық уақыттан бері полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен қызға сабақ беретін мұғалімдер бейхабар болғанын қатаң сынға алды. 

"Әлеуметтік желілерде учаскелік полиция инспекторы мен мектептің ювеналды полиция қызметкері мәселеден хабардар болғаны жөнінде ақпарат тарады.

Негізгі салғырттық осы қызметкерлерден басталған. Өздеріне бекітілген аумақтағы ахуалды алдын ала зерделеп, әр тұрғынды бақылауы тиіс еді. Бірақ ондай жұмыс мүлде жүргізілмеген. 
Білім саласының мамандары да қызметтеріне немқұрайлы қараған. Мектеп басшылығы, педагогтер, мектеп инспекторы, өз міндеттеріңізді орындамағансыздар!"- деді ол.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...