«Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков ақпан айында өтетін XXIV Қыс...
Қырғыз бауырлар Екібастұзға көмек жинап жатыр
1175
Қырғызстан азаматтары Екібастұз халқына жылу жинай бастады. Бұл жайында Ulysmedia.kz телеграмм каналы жазды.
Бішкек тұрғындарына көмек туралы жасалған үндеу әлеуметтік желіге таралып жатыр.
Динара Осхурахунаова атты азамат бөліскен постта көмекті екі күннің ішінде жинап Қазақстан халқына жөнелту мәселесі жазылған.
«Бішкектіктер! Алты күннен бері Екібастұз халқы қақаған суықта жылусыз, ыстық сусыз отыр. Егер сіздерде жылыттатын техника болса маған жіберсеңіздер болады. Екі күннің ішінде @topmilfa арқылы бәрін жіберемін. Тех ұйымдастып, қазақ бауырларға көмектесейік», – делінген постта.