Израиль Газадағы ауруханаға соққы жасады

Фото: ВВС

Жаңалықтар
210

Газадағы индонезиялық ауруханаға жасалған соққы салдарынан кемінде екі науқас қаза тауып, тағы 40 пациент пен медицина қызметкері жараланды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ТАСС агенттігінің жазуынша, бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлім еткен.

Кеше түнде Газадағы индонезиялық ауруханаға жасалған соққыдан 40 науқас пен медицина қызметкері жараланды. Аурухананың генераторына зақым келіп, электр өшіп қалған. Соның салдарынан жағдайы ауыр екі науқас қаза болды, - деп жазды Гебрейесус желідегі парақшасында.

Сонымен қатар ол бұл өңірде оқ атуды дереу тоқтатуға шақырды. 

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі желіде трендке айналған "Шайн мускат" жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес т...

Жаңалықтар

Шетелдік фильмдер мен анимацияларды аударуға Қазақстан бюджетінен 2023 және 2024 жылы 443 млн теңгед...