Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Мельниченко Kazinform сайтына берген сұқба...
Нұр-Сұлтанда өрттен көз жұмған бес қыздың ата-анасы алғаш рет ашық сұхбат берді
Нұр-Сұлтанда төртінші ақпанда времянкада болған өрттен қайтыс болған бес қыздың ата-анасы қаралы оқиғадан жарты жыл өткен соң, ашық сұхбат берді. Видео қоғам қайраткері Тәңірберген Бердоңғаровтың YouTube-каналында пайда болған.
Өрт времянкада түнде тұтанған. Бұл уақытта бес қыздың ата-анасы жұмыста болған. Қайтыс болған қыздардың анасы Жанымгүл сол қорқынышты күнді есіне алды. Әйелдің сөзінше, түтінді байқаған үлкен қызы оған хабарласып, "Біз өртеніп жатырмыз!" деген. Сөйтіп, телефонды дереу қойып қойған.
Қайтыс болғандардың ата-анасы үйде балалардың жалғыз сирек қалатынын айтқан. Бұл түні балалармен әкесі отыруы керек болған, алайда оны аяқ астынан жұмысқа шақырып алыпты.
"Мен таңғы жетіге дейін ненің не екенін түсінбедім. Маған балалар тірі, ауруханада деп айтты. Тек таңертең ғана күйеуім маған хабарласып, балаларымыздың енді жоқ екенін айтты. Мені көлікте ұстады. Оларды қалай алып кеткенін көрген жоқпын. Оларды қазір көріп қаламын деп ойлап отырдым.
Жанымгүлдің айтуынша, үлкен қызы анасына көмекші, шаруаға пысық болған. Өзінің кішкентай сіңлілеріне қарап, олардың сабақтарына көмектескен. Ол аспаз болуды армандаған, барлық тағам түрін пісіре алатын болған екен.
Әйелдің айтуынша, әр қызы ерекше болыпты. Апалы-сіңлілер әрдайым бір-біріне арқа сүйеп, қамқор болған.
Көпбалалы отбасы болғанына қарамастан, олар ешкімнен ештеңе сұрамай, өз өздерін қамтамасыз етуге тырысқан. Қайтыс болған қыздардың ата-анасының сөзінше, қаралы оқиғадан жарты жыл өткен соң олардың тек тұрмыстық жағдайы өзгерген. Халықтан жиналған ақшаға екі бөлмелі үй сатып алынған. Жанымгүлдің айтуынша, күйеуі екеуіне айтылған "балаларға қарау керек еді, үйде отыру керек еді" сияқты әлеуметтік желідегі пікірлер көңіліне қатты тигенін айтты.
Сондай ақ, біреудің қайғысын жамылып, ақша тапқысы келген алаяқтар да пайда болған. Желі қолданушлыраның басым бөлігі отбасымен бірге қайғырып, қолдарынан келгенше көмек берген. Болашақта ерлі-зайыптылар тағы да балалы болуды, тіпті, балалар үйінен асырап алуды жоспарлап отыр.