Елімізде көлік тізгінінде отырып ұялы телефон қолданғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ереж...
FlyArystan жолаушылары әуежайда жанжал шығарды (ВИДЕО)
Сурет ulysmedia.kz сайтынан алынды
Кеше Алматы әуежайында FlyArystan ұшағының жолаушылары шу шығарып, арты тәртіпсіздікке ұласты деп жазады madeniportal.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Әуекомпанияның Instagram-дағы аккаунтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жолаушыларға жіберілген SMS-хабарламадағы қателікке байланысты жолаушылар КС7053 рейсінен кешігіп қалып, әуежайда шу шығарған. Ашулы қараша әуежай мүлкін сындырып, қызметкерлерге заттарды лақтырған.
"Жолаушыларға жолданған ескерту хабарламада рейстің ұшу уақыты сағат 09:25-ке ауыстырылды деген 10:55-ке деп қате кеткен, ол жүйедегі қысқа мерзімді техникалық ақауға байланысты орын алған. FlyArystan орын алған қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұрайды", - деді FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, әуе компания осы рейске кешігіп келген жолаушыларға билет ақшасы қайтарылатыны немесе қайта брондау мүмкіндігі бар екенін айтады.
"Сонымен қатар кешіккен жолаушыларға өтемақы ретінде 50 мың теңге сомасына біздің әуе компания билеттеріне ваучерлер де берілетін болады. Қазіргі уақытта байланыс орталығының агенттері жолаушылармен байланысқа шығып жатыр", - деді FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Кейінірек FlyArystan видеодағы жолаушылармен арадағы мәселе шешілгенін, олар Астанаға келесі рейспен ұшқанын да нақтылай кетті.
"Алайда, компания жолаушыларға деструктивті мінез-құлқы үшін жауапкершілік қарастыралатынын ескертеді", - деді FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметі.