Ринат Зайытов: "Мен шалқаймағанда кім шалқаяды"

Фотосурет qaz365.kz сайтынан алынды

Қоғам
1594

Абай облысы Ақсуат ауданында өткен «Асыл бесік - Ақсуат» фестивалі кезінде айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа көлік мінгізді, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

Жергілікті кәсіпкерлер осы өңірдің тумасы ретінде ақынға көлік кілтін табыс етті.

«Осы ауылдың еркесімін, мен шалқаймағанда кім шалқаяды. Барлықтарыңызға рахмет!», - деді Ринат Зайытов.

Айта кетейік, фестиваль аясында қазақ күресінен ASSYL ARLAN атты турнирде Абай облысының тумасы Ерасыл Қажыбаев атанды. Финалда ол жерлесі Даурен Нұралиновтан жанбас әдісімен ұтып басым түсті. Жүлделі үшінші орынды Түркістан облысынан келген Қайсар Шамшадинов пен Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов иеленді.  

Ал айтыскерлер арасындағы жыр сайысында алматылық Қазірет Бердіхан топ жарды. Финалда Мұхтар Ниязовтан басым түсті.

135 шақырымдық аламан бәйгеде маңғыстаулық тұлпар оза шапты. Жеңіске жеткендердің барлығына демеушілер көлік мінгізді.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...