Жүргізушінің қызы желіге видеосын жариялап, жұртшылықтан көмек сұраған еді. Елордалық полицейле...
Іш киіммен жүрген мас әншінің фотосы тарады
Сурет Kozachkov offside Telegram арнасынан
Әнші Алтынбек Тәшімбетов мас күйде ресепшндегі медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіргені үшін сот алдында жауап береді, деп хабарлады madeniportal.kz Алматы қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Іш киіммен мас күйде жанжал тудырған шоу бизнес өкілінің фотолары Kozachkov offside Telegram арнасында жарияланды.
Дүйсенбі күні Алматының орталық қалалық клиникалық ауруханасына денесінде жарақат іздері бар өнер иесі жеткізілді. Оның үстінде тек ішкиімі ғана болған. Аса танымал емес әнші өзін үлкен жұлдыз ретінде ұстап, қабылдау бөлімінде жанжал шығарды. Ол ресепшндегі әйнекті шағып, медбикеге дөрекілік танытқан. Ашуға булыққан әншіні полицейлер тоқтатты, – деп жазылған телеграм парақшасында.
Қазір оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы мен 80-1 бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс материалдары жиналды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді.