Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде орын алған ұрлық бейнебақылау камераларына түсіп қалды, &nd...
2,4 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Фотосурет: Ашық дереккөзден
728
Павлодар облысында құны 2,4 млрд теңгенің жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Нәтижесінде 1 500 ауыл тұрғынының жер құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Павлодар ауданының прокуратурасы жер қатынастары бөлімін тексеру барысында жеке тұлғаға халықтың мұқтаждығына арналған жер учаскесін заңсыз беру фактісін анықтады.
Қадағалау актісі бойынша жер сот тәртібімен қайтарылды.
«Мал жаюға арналған учаске ауданы 1,8 мың га Шақат ауылдық округінде орналасқан, оның кадастрлық құны шамамен 2,4 млрд теңгені құрайды», – делінген хабарламада.
Қабылданған шаралармен 1 500 ауыл тұрғынының жер құқығы қалпына келтірілді.