“Бапкеріммен әрдайым біргемін": Cәкен Бибосынов Мырзағали Айтжанов туралы айтты

olympic.kz

Спорт
379

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов мансабын әрі қарай жалғастыратынын мәлімдеп, Мырзағали Айтжанов туралы айтты.

Әлеуметтік желіде Сәкен Бибосынов құраманың бұрынғы бапкері Мырзағали Айтжановтың соңынан командадан кететіні туралы ақпарат тараған еді. Боксшы бұл қауесетті жоққа шығарды. 

"Ештеңе өзгерген жоқ. Бұрынғыдай әлі де бокстамын. Олимпиадада ойдағыдай нәтиже көрсете алмадым. Елге келіп, бірден жаттығуға кірісіп кеттім. Желіде біраз адам менің құрамадан кететінім туралы хабар таратыпты. Бұл шындыққа жанаспайды, жалған мәлімет. Иә, қазір бапкерлер құрамы ауысқан соң, алдағы жарыс жоспарларына қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Алайда, үлкен спорттан әлі кетпегенімді, әрі қарай жұдырықтасатынымды айтқым келеді. Ал Олимпиадаға келер болсақ, біздің біраз жігіттер 2:3 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Бұл сәтсіздік бізді шыңдай түсеріне сенемін. Мырзағали Айтжанов ағайымыз ұлттық құрамадан кетсе де, оның еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Бапкеріммен әрдайым біргемін", - деді Бибосынов. 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...