"Илья Ильиннің де допинг қабылдағаны өтірік емес" - Алмас Өтешов

Фото: qandastar.kz

Спорт
330

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының жүлдегері Алмас Өтешов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты тың ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды madeniportal.kz

Алмас Өтешов допинг деген дәрі жоқ екенін, қандай дәрі ішсең де допинг болып саналатынын айтқан. 

Допинг деген дәрі жоқ. Аспирин ішсең де ол допинг болып саналады. Бірақ оның ішінде тестостерон бәрін салады. Допингті тексеретіндермен біздің министрлік келіседі. Ақша бәрі. Бізді тексеруге келгенде «двойник» деген болады бізде. Менің «двойнигім» Айдос деген мысалы інім болды. Алмас Өтешов болып ол тест тапсырады. Илья Ильиннің ағасы бар – Алексей тапсырады. Олар таза болып шығады. Бәрі жемқорлық, – деді Өтешов.

Ауыр атлеттің сөзінше, препарат көп – тестостерон, пропианат, тернобол, таблеткалар, гармональды таблеткалар. Ол зілтемірді онсыз көтеру мүмкін еместігін айтып өтеді. 

Илья Ильиннің де допинг қабылдағаны өтірік емес. Бәріміз допинг қабылдадық. Дәріні өзіміз болып ішпейміз. Медициналық жауапты маман, аға бапкер, бас бапкер бар. Солар бізге береді. Бәріне кінәлі Алексей Ни. Соны соттау керек. Қазір қайда ол? Жоқ. Бәрін істеген сол, – дейді Өтешов. 

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...