Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Фото: malim.kz

Білім
123

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды madeniportal.kz

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.   

Білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.   

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты.   

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.   

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...