Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде есеп берген Астана әкімі Əсет Исекешев белгілі әзілкеш Тұрс...
Айгүл Иманбаева: "Мен немере бағып, жөргегін алмастырып отырмаймын"
Фото: ашық дереккөзден
522
Әнші, актриса Айгүл Иманбаева бірнеше ай бұрын немерелі болып, әже атанғанын айтты. Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» YouTube подкастында айтып берді деп хабарлайды madeniportal.kz.
Осыған дейін өнер иесінің бұрыңғы жұбайы мен қазіргі өмірі туралы сыр тарқатқанын жазған едік. Өз сөзінде өнер иесі немере бағып үйде отырмайтынын да айтып өтті.
«Немерелі болғаным рас. Үш айға толды. Менен гөрі анам қасында көбірек болады. Немере бағатын әжеге ұқсамаймын ғой. Балама да бірден айтқанмын: «Мен немере бағып, жөргегін алмастырып отырмаймын. Бірақ әнімді айтып, бесігін тербетемін» дедім. Осы күнге дейін әлі шомылдырған да жоқпын», - деді актриса.