Жақында тұрмыс құрған Айгүл Иманбаева көпшілікке енесінің кім екенін айтты, деп хабарлады madeniport...
“Үшіншісін жоспарлап отырмыз": Мақпал Исабекова жеке өмірі туралы айтты
Фото: instagram.com/makosyai
Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде оқырмандарымен тілдесіп, жеке өміріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі тұрмысқа шықпаған аруларға ақыл-кеңесін берді.
Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен сырласты. Желі қолданушыларының бірі шоу-бизнес жұлдызының отбасылық өмірі туралы сөз қозғап, күйеуімен ажырасып кеткені рас па екенін білмек болды. "Жоқ, үшіншісін туайық деп жатырмыз", - деп жауап берді әнші. Оған қоса оқырмандардың бірі Исабековадан балаларының ұлты қандай екенін сұрады. Өнер иесі "әр түрлі" деп қысқа жауап қатты.
Сонымен қатар шоу-бизнес жұлдызы тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді. "Қыздар, мойымаңыздар. Бәрін де үлгересіздер. Тұрмысқа да шығасыңдар, баланы да туасыңдар, шаршайсыңдар. Өмірден рахат алып, дамып, саяхаттаңыздар. Бәрі өз уақытымен", - деп жазды ол.