«Енем де әнші»: Айгүл Иманбаева жаңа отбасымен таныстырды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
2582

Жақында тұрмыс құрған Айгүл Иманбаева көпшілікке енесінің кім екенін айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.

 Бұл туралы актриса «Сырласу» бағдарламасында сөз етті. Оның айтуынша күйеуінің анасы «Айгүл» ансамблінің ең алғашқы солисі Ақжан Жайсаңбаева екен.

«Жолдасым «Менің мамам әнші ғой» деді. Кім екенін сұрадым. «Ақжан Жайсаңбаева, «Айгүл» ансамблінің ең алғашқы солисі» дейді. Менің атымды «Айгүл» ансамблінің құрметіне қойған. Бұл қалай сонда? Сонда барып Алла Тағаланың бұл азаматты әу заманда менің маңдайыма жазғанын түсіндім. Тек ол да үйленіп, өмірге қызы келуі керек болды. Менің де тұрмыс құрып, өмірге ұлым келуі керек болды. Екеуміз өмірді сүріп, өмірдің мән-мағынасын түсініп, толысып барып кездесуіміз керек болған екен ойладым», – деді актриса «Сырласу» бағдарламасында.

Бұған дейін актриса АҚШ-та оқып жүргенде болашақ күйеуін жолықтарғанын жеткізген еді.

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...

PESTEL

«Қылмыстық чтиво» және «Маска» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал америкалық...