Қала атауы қате жазылған

Фотосурет kaz.nur.kz сайтынан алынды

Қоғам
606

Ақмола облысындағы Щучинск қаласының атауы қате жазылған. Жол белгісі көрсетілген тақтайшадағы қатені тұрғындар желіде жариялаған. Кейін жауапты мекеме олқылықты түзеді, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.

Жол белгісіндегі қатені тұрғын Яна Адреева байқаған. Видео Instagram-дағы shchuchinsk_life паблигіне жарияланған.

"Сіз Щучинскте жүрмін деп ойлап жүрсіз бе? Қайдасың? Мен Шучучинскте", - деп әзілдеген кадр сыртында.

Желі қолданушылары да видеоны, қате атауды зілмен қабылдаса, кейбіреулер жергілікті билікті кінәлай бастады.

"Қалжыңдады... ШУЧУчинск", "Қанша өтсем де, байқамаппын", "Қазір осындай біліммен жергілікті биліктегілер жұмыс істейді", - деп жазады желі қолданушылары.

Видеоға Бурабай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері жауап берді. "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ-на ескертіп, хабарлама жіберілді", - делінген әкімдік түсініктемесінде. 

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...