QAZAQ AIR әуекомпаниясы алғаш рет Түркістаннан Самарқандқа тікелей әуе қатынасын іске қосады, деп ха...
Талдықорғанда Наурыз марафоны өтті
1439
Кеше Талдықорғанда Жастар жылына орай «НАУРЫЗ-2019» марафоны өтті. Аталмыш жарысқа мыңнан астам қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты шарада Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Аманбайқызы, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Алмат Үшкемпіров және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратас жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатын көздеген сайыста жас та, жасамыс та белсенділік танытты. Марафоншылар қала орталығындағы алаңнан бастап, Жастар паркінің амфитеатрына дейін жалпы, бес шақырым қашықтықты еңсерді.
Ерлер арасында мәре сызығын бірінші болып, Ерасыл Мұқатай кесті. Екінші орынды Андрей Геркачов алса, үздік үштікті Қалжан Мұзахан түйіндеді. Ал, қыздар арасындағы бәсекеде бас жүлдені Екатерина Югай ұтып алды. Анастасия Плотникова мәре сызығына екінші болып келсе, жарыстың үшінші орыны Елдана Ғазизға бұйырды. Марафон жеңімпаздары кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, жарысқа белсенділік танытып қатысқан бірнеше адамға ұымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар табысталды.
Редактор