Қазақстанда тамыз айында жалдамалы пәтер құны едәуір өскен

Фото: aikyn.kz

Жаңалықтар
211

Тамыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы тұрақты деңгейде, ал жалдамалы пәтер құны едәуір өскен, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Krisha.kz сараптамасы бойынша, бір айда 18 қаланың сегізінде баға төмендеді. Бұл ретте Ақтау мен Алматыда пәтерлер тиісінше 2.4 және 1.0% - ға арзандады. Ең жоғары өсім – Орал (+1.3%), Шымкент (+1.0%), Астана (+0.8%) қалаларында тіркелген.

Қалған қалаларда өзгерістер шамалы ғана, 1% шегінде. Қазір қайталама нарықта сатып алушылар үшін тиімді ұсыныстар бар. Олар өздері үшін ең жақсы нұсқаларды таңдайды, ал сатушылар көбінесе олардың талаптарына бейімделуге мәжбүр. Осы күзде көптеген сатушылар бұрын кейінге қалдырылған сұранысты жабуға дайын. Сондықтан күзде бағаның өсуі мүмкін, бірақ жоғары бәсекелестікке байланысты қарбалас болмайды.

Ал  қаңтар айынан бастап 11 қалада пәтерлер арзандады. Бағаның ең шекті төмендеуі Қарағанды, Қызылорда (-2.5 %), Семей (-2.0 %), Алматы (-1.9 %), Тараз (-1.8%) қалаларында болды. Бұл ретте, Петропавлда, Ақтауда сегіз айда бағаның өсуі 5% - дан асты. Астанада орташа бағалар 1%-ке өсті.

Сонымен қатар, тамыз айында жалға берілетін тұрғын үй бағасы бірден 8% - ға өсті. Қыркүйек айында жалдау ақысы тағы да өсуі мүмкін.