Жеңіс Ысқақова: "Әкемнің өз қателіктері болған"

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
929

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жеңіс Ысқақова соңғы кезде қоғамда қызу талқыланып жатқан зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі өз отбасында әйелге қол көтеру жағдайлары болмағанын айтты, деп жазады  madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап. 

Жеңіс Ысқақова отбасылық өмірі туралы сыр шертіп, күйеуі екеуі жанжалдарды қалай шешетінін айтты. Өнер иесі қанша келіспеушілік болса да, жолдасы өзіне қол көтеріп көрмегенін жеткізді. "Әйел тілінен тапты деп жатады. Бірақ сол тілді шығарған кім екен? Әйел сөйлей береді. Көріп тұрсың ба? Бұрыл да, кетіп қал. Менің де тілім жаман. Кейде мен де күйеуіме тіл тигеземін. Сол кезде жолдасым маған қарап тұрады да, бұрылып кетіп қалады. Үйде күйеуім бастық. Мен көп сөйлеймін. Маған ешқашан қол көтермеген. Ол спортшы ғой, қолы күректей. Ол бір ұрса "соңғы аялдамадан" бір-ақ шығамын-ау. Нағыз ер азамат әйелмен санаспай, шығып кету керек. Менің әкем де сондай кісі болатын. Анам мың сөйлегенде әкем бір сөйлемейтін. Сол кезде мінезім анама ұқсамаса екен деп тілейтінмін. Бірақ түбірі неде екенін білмеппін. Демек әкемнің өз қателіктері болған", - деді әнші "Adal adam" подкастында. 

Жаңалықтар

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлады madeniporta...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде марқұмды еске алып жазба арнады, деп хабарлады madeni...