Қызметінен кеткен Ермек Маржықпаев мәлімдеме жасады

Фото: baq.kz

Жаңалықтар
445

Ермек Маржықпаев лауазымды қызметі өміріндегі ең маңызды кезең болғанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бүгін ҚР Туризм және спорт министрі лауазымындағы қызметім аяқталды. Бұл менің өмірімдегі өте маңызды кезең болды. Президент пен Үкіметке маған артқан сенімі үшін, сондай-ақ әріптестеріме бірлесе жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін. Отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенемін, - деді экс-министр.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылған болатын.

Ермек Маржықпаев бұл қызметке 2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалған.

Жақында ғана аяқталған Париж Олимпиадасы төңірегінде де министрлікке аз сын айтылған жоқ. Биыл Қазақстан құрамасы бокстан екі медальмен оралды. Нұрбек Оралбай күміс алса, еліміздің жеті дүркін чемпионы Назым Қызайбай қола жүлдені иеленді. Токио Олимпиадасында да бокстан Қазақстан құрамасы дәл осылай алтынсыз қайтқан еді.

Жақында Тоқаев Қазақстан спорттындағы жағдайды сынап, шетелден спортшылар шақыруды тоқтату керектігін айтқан болатын. 

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...