Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілді

Фотосурет: Видеодан кадр

Жаңалықтар
993

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 24 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 24 сәуір сағат 8-дегі жағдай:

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 597 см., деңгейдің +10 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 374 см.

Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 715 см., тәулігіне + 5 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 398 см.

Жайық өзені - Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 422 см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі +4 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 231 см.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

24 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3/с, - делінген хабарламада.

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...