Францияның талғампаз көрермендерін таңғалдырған қазақстандық әртістер отандық классикалық музыканың...
Роза Әлқожа немересін перзентханадан неліктен шығармай қойғанын айтты
Фото: видеодан скриншот
Танымал әнші Роза Әлқожа жақында немерелі болғанын және неліктен сәбидің перзентханадан кеш шыққанын айтып берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Әншінің айтуынша, нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келгендіктен, бірнеше күн бойы оттегі аппаратының көмегімен тыныс алған. Осы себепті дәрігерлер перзентханадан шығару уақытын кейінге шегерген.
"Он күннен бері бөпеміз кішкентай боп, оттегімен демалды. Одан өзім ауырып әуреге түсіп ем. 20-сы шығады деп дайындалғанда балалар бөлімінің басшысы тағы жібермеген. Бөпемізді перзентханадан бүгін ғана рұқсат беріп, аяқ астынан шығарып алдық! Екі сағатта жиналып, осылай бара салдық. Бұл да Алланың бұйрығы. Бастысы - дені сау, ғұмыры ұзақ болсын! Бата-тілек арнай отырыңыздар. Көп тілегімен көркейе берейік! Аллаға сансыз шүкір, сансыз мадақ! Қуаныш сіздерге де жұғысты болсын! Әр шаңырақта той болсын! Ұрпағымызбен мың жасаған жандардан болайық! Балапанымыз үлкен боп өсіп кетсінші!" - деп қуанышымен бөлісті әнші.
Роза Әлқожа асығыс дайындалып бара салдық дегенімен, немересі мен келінін ән шырқатып, аниматорлар шақырып, әдемі гүл шоқтарымен шығарып алған.