Жанқош Тұраров "зорлады" деген әйелге қатысты тың дерек шықты

Dalanews

Қоғам
1549

Желіде "Жанқош Тұраров зорлады" деп айыптаған Әнару Құрманәліге қатысты видео пайда болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұрын еш жерде жарияланбаған видео Kozachkov offside Телеграм арнасында шықты.
Видео осыдан бір жыл бұрын Алматыдағы мейрамханалардың бірінде түсірілген.
Видеодағы әйел телефоны ұрланғаны туралы айтып, полиция шақырған. Телеграм мәліметінше, шын мәнінде телефоны өзінде болғаны туралы жазылған.
Inbusiness сайтының хабарлауынша, боксшы зорлады деп шағымданған Әнару Құрманәлі композитор Қалдыбек Құрманәлі мен марқұм ақын Ақмаржан Таубаеваның қызы екені белгілі болды. 
Әнару Құрманәлінің желідегі парақшасында Қалдыбек Құрманәлі мен Ақмаржан Таубаеваның бірге түскен суреттері жарияланғанын байқауға болады. 
Әнару Құрманәлінің анасы Ақмаржан Таубаева 2016 жылы өмірден өткен. Әнару Құрманәлі де жақында берген сұхбатында анасының өлімі жанына қатты батқанын айтқан еді.
Сенбі, 24 тамызда боксшы Жанқош Тұраров әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыланып жатқан даулы мәселеге қатысты тағы да мәлімдеме жасаған болатын. Себебі бұған дейін Әнару Қалдыбекқызы спортшымен қалай таныс екенін және істің мән-жайын айтқан еді. 
Әнарудың айтуынша, ол Жанқош Тұраровпен 2018 жылы әлеуметтік желі арқылы танысқан.
«2018 жылы «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы маған өзі бірінші хат жазды. Менің суреттерімен лүпіл басып, үнемі хат жазып жүрді.  Мен ол кезде оның үйленгенін, бала-шағасы бар екенін білген жоқпын, боксшы екенін де білген жоқпын. Әлеуметтік желіде отбасы туралы ешбір ақпарат жазбаған. Бойдақпын деп статус қойған. Содан кейін жай ғана сөйлесіп жүрдім. 2018 жылдың ақпан айында мені кездесуге шақырды. Ондай жерге жалғыз бармайтын болған соң құрбымды ертіп алдым. Группалас құрбым екеуміз кездесуге бардық, ал оның жанында көп адам болды. Содан бастап бір ай бойы маған хат жазып жүрді. Маған «сен пәк қызсың, сен таза қызсың, маған қатты ұнайсың» дейтін.  Бірақ, ол кезде мен оның отбасылы адам екенін біліп, «сіз үйленген адам екенсіз, мен сізбен араласа алмаймын» дедім. «Жоқ, мен үйленген болсам да сен маған ұнайсың, мен саған ағалық қамқорлық танытқым келеді, жамандық ойламаймын» деді. Осылай күнде хат жазатын. Арада бір ай өткенде маған «әкемнің анасы, әжем қатты ауырып жатыр. Хәл үстінде. Сені көрсеткім келеді, келші» деп бір мекен-жай жіберді. Мен бірден бара алмаймын дедім. Бірақ, соның алдында, бір жарым жыл бұрын мен анамнан айырылған адам ретінде оның әжесі ауырып қалғанына қатты жаным ашыды. Сондықтан, ол  мені апасының хәлін сұрауға көндірді», - дейді Әнару Қалдыбекқызы.
Спортшы Жанқош Тұраров Әнарудың осы мәлімдемесіне қатысты баспасөз конференциясын өткізбек.
"Маған қатысты сұхбат беріп жатқан адамның лайлы әңгімелері мүлдем қызық емес. Менің өмірлік ұстанымдарым, мақсаттарым мүлде басқа. Ақиқат орын алатынына сенімдімін. Соған байланысты менің заңды адвокатым баспасөз конференциясын өткізетін болып шешті", - деді ол әлеуметтік желіде.
Бұған дейін танымал қазақстандық боксшы Жанкош Тұраров «қыз зорлады» деген ақпарат тарап кетті. Мәселеге Алматы полициясы пікір білдірді.
Полицияның мәліметінше, Алматы қаласы Әуезов ауданының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр», - деп жазылған хабарлама.
Кейін Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыптарға жауап берді.
«3 қыз өсіріп отырған әкемін! Төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын», - деді ол.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...