Артық қыламын деп тыртық қылды. Ақтөбелік фельдшер клиенттің кірпігін кесіп алған

Фото: Аква-Минск

Қоғам
439

Ақтөбе қалалық сотына арыз жазған келіншек көзіне блефаропластика жасатқан соң бір қабағы қисайып, кірпігінен айырылғанын айтқан. Ең бастысы, дәрігер операцияны аурухана немесе клиникада емес, өзінің жалдап тұрып жатқан үйінде жасаған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Келіншек бұл дәрігердің жарнамасын Instagram әлеуметтік желісінен көріп, бір жыл бұрын, яғни, 2023 жылдың 4 тамызында оның жалдамалы үйіне барған.

Операциядан кейін бір апта өткен соң әйелдің көзінде ассиметрия байқалып, ол дәрігерге қайта барған. 15 тамызда екінші рет ота жасаған фельдшер келіншектің қабағын кесіп алған екен.

«Екінші ота кезінде фельдшер оң көзінің қабағандағы теріні тым терең кескен және терісімен бірге төменгі кірпіктерді кесіп тастаған. Әйелдің қаны тоқтамаған. Дәрігер оны лазермен күйдіріп, қанды тоқтатып, қабағын тігіп берген», - деп жазады соттың баспасөз қызметі.

Қабағынан айырылып қала жаздаған әйелдің көзіндегі ауруы асқынып, конъюнктивит жұқтырған, ақыр соңында офтальмолог пен пластикалық хирургке жүгінуге мәжбүр болған.

«Осы айтылғандардың салдарынан әйелдің түрі өзгерген. Жұмысынан кетуге мәжбүр болған.  Сот істі қараған кезде ота жасаған адам ауруханада фельдшер болып жұмыс істейтінін, оның пластикалық хирургия бойынша лицензиясы жоқтығын, тек сертификаты бар екенін анықтады. Сот талап қоюшының пайдасына 235 мың теңге материалдық шығын және 1 миллион теңге моральдық зиян өндірген.  Сот шешімі заңды күшіне енді», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...