Дастан Мұқашбеков – Паралимпиада ойындарының қола жүлдегі

https://olympic.kz/

Жаңалықтар
518

Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан командасының мүшесі Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола жүлдегер атанды. Ол өзінің ең үздік мүмкіндігінде ядроны 16 метрге лақтырды. 

Бұл қарағандылық спортшының Паралимпиада ойындарындағы алғашқы жүлдесі! Құттықтаймыз!

Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы әзірге үш медаль еншіледі. 

Давид Дегтяров пара пауэрлифтингтен чемпион атанса, Еркін Ғаббасов нысана көздеуден күміс, Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола медаль жеңіп алды. 

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...