Ұлытау облысы әкімдігінде «Қазақмыс» басшысымен кеңес өтті

Жаңалықтар
812

Жезқазғанда Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевтің қатысуымен кеңес өтті. Кездесуде облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумның орындалу барысы қаралды.

Кеңес барысында Ұлытау облысы мен «Қазақмыс» корпорациясының басшылығы қандай да бір іс-шараны іске асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады. Биылғы жылға жоспарланған жобаларға ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша биылғы жылға есептелген жұмыс кестесі бекітілді. Сондай-ақ, «Қазақмыс Холдингі» мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері бекітілген. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында қол қойылған облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасындағы меморандумның негізгі мақсаты өңірдің инфрақұрылымы мен абаттандырылуын дамытуда тараптардың өзара қолдауы мен белсенді ынтымақтастығын қамтамасыз ету болатын. Құжатқа сәйкес, Ұлытау облысында «Қазақмыс» жалпы сомасы 35 млрд теңгеге 22 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. 

Жобалар Жезқазған және Сәтбаев қалаларында, сондай-ақ Ұлытау ауданында жоспарланған.

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ma...